Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Олжас Бектенов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Жиында аймақтағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырудың тетіктері талқыланды.
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңес алаңындағы халықаралық диалогтің маңызды екеніне тоқталып, қабылданған шешімдер интеграциялық үдерістердің дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде өзге де тараптар қатынасқа қарқын қосылғанын айтып, оң баға берді.