АЭС салу мәселесінде экономикалық тиімділікке баса назар аударылады
АЭС салу мәселесінде экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылады.
Ал жеткізушіні таңдау ісінде ел ішіндегі құндылықты арттыруға, өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беріледі.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Ол атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізіп, ядролық кластер құру жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын тыңдады. Отырыста Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы хабарлады. Сондай-ақ 2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі баяндалды. Атом ғылымы мен сала мамандарын даярлау да талқыланды. Бұл мәселе бойынша сарапшылар өз ойларымен бөлісті.