Рыбакина ширек финалда Швентекпен ойнайды
![Рыбакина ширек финалда Швентекпен ойнайды](/media/k2/items/cache/ab73eecb9c5334cda6810ee199e334cd_XL.jpg)
Елена Рыбакина Рим турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнайды.
Поляк қызы 1/8 финалда Хорватиялық Донна Векичтің осал тұсын тапты. 1 сағат 36 минутқа созылған ойын 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Қазақстандық теннисші бұған дейін чехиялық Маркета Вондроушовадан басым түсті. Егер Рыбакина Швентекті ұтса, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтеріледі. Қазір Елена бесінші сатыға жайғасты.