Елордада футболдан балалар арасындағы қалалық турнир өтті
Абай кубогы.
Дәл осындай атаумен елордада футболдан балалар арасындағы қалалық турнир өтті. Оған 10-11 жастағы өрендерден құралған 6 команда қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде болды және нәтижесінде командасы топ жарды. Жеңімпаз командадан бөлек, жекелей ойыншылардың да шеберлігі ескеріліп, «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы» және «Ең үздік ойыншы» аталымдары бойынша сыйлықтар табысталды. Бұл жолғы турнирдің ерекшелігі арнайы челленджден бастау алды. Яғни бір уақытта дәл осылай Астанадағы барлық мектепте футболдан ішкі жарыстары өтті. Ал Абай атындағы мектеп қалалық турнирді қабылдады. Осындай форматтағы жарыстарды алдағы жылдары тұрақты ұйымадстыру жоспарланып отыр.