Месси америкалық клубқа ауысты
![Месси америкалық клубқа ауысты](/media/k2/items/cache/0bace1c715b70461fc8befe92fffd77f_XL.jpg?t=20230608_052409)
Аргентиналық аяқдопшы бұдан былай «Интер Майами» командасында өнер көрсетеді.
Бұл жөнінде футболшының өзі мәлімдеді. «Мен Барселонаға оралмаймын. «Интер Майами»-ге ауысамын. Қазір кейбір мәселелерді реттей түсу керек. Ал негізгі проблема 100 процентке шешілді», - деді Месси. Айта кетейік, Лео Месси ПСЖ клубымен келісімшартты ұзартпай, жуырда ғана еркін агент атанды. Ол соңғы 2 маусым осы париждік клуб сапында өнер көрсеткен болатын. Шабуылшы 58 матчта 22 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді. Месси биыл жазда 36 жасқа толады. Айта кетейік, бұған дейін оған «Әл-Хиләл» және «Барселона» қызығушылық танытқан болатын.