Қазақстан өз тарихында алғаш рет соккеден дүниежүзілік додада топ жарды
![Қазақстан өз тарихында алғаш рет соккеден дүниежүзілік додада топ жарды](/media/k2/items/cache/14df7f65c1aabd01acb70e8612c6c554_XL.jpg)
Сокке – шағын футболдың көк шөпте ойнайтын түрі.
6 футболшыдан тұратын қос команда 20 минуттық 2 тайм ойнайды. Байрақты бәсеке Германияның Эссен қаласында өтті және финалда Қазақстан және Украина құрамалары жолықты. Негізгі ойын уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Ал матч соңындағы пенальтилер сериясында жерлестеріміздің жолы болды.