Гранд-слэмге билеттер сатылмайды
![Гранд-слэмге билеттер сатылмайды](/media/k2/items/cache/ba5c3d76e6fb848aeaa8f204f3fc6036_XL.jpg?t=20230613_040423)
Бірер күннен кейін Астанада дзюдодан әлемдік аламан өтеді және жарыс жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық шықты.
Яғни дүниежүзілік додаға кіру тегін. Оған 46 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Қазірдің өзінде барлығы дерлік елордаға жиналып, соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Әлемдік гранд-слэмнің ерекшелігі қабылдаушы мемлекет әр салмақта 4 дзюдошыдан атамиге шығара алады. Сондықтан, алдағы додада ел намысын ерлер арасында 28, ал қыздар арасында 25 спортшы қорғайды. Олар қазір жекпе-жек сарайында басқа елдердің құрамаларымен бірге жаттығуда. Ал байрақты бәсекенің өзі 16-шы және 18-ші маусым аралығында «Барыс аренада» болады. Қазір негізгі жарыс өтетін алаңды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.