Футболдан Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіске жетті
![Футболдан Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіске жетті](/media/k2/items/cache/b7642c4202d39782902f8941f54a1079_XL.jpg)
Хабарымызды ақжолтай жаңалықтан бастасақ. Магомед Адиев баптайтын жігіттер бұл жолы Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты.
2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кездесу сырт алаңда, яғни Белфаст қаласында өтті және ол 0:1 есебімиен аяқталды. Жалғыз голды 88-ші минутта Абат Айымбетов соқты.
Айта кету керек, жерлестеріміз отандық футбол тарихында алғаш рет Солтүстік Ирландияны жеңді. Соның арқасында 4 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, турнир тізімінің 2-ші сатысына жайғасты. Топ басында Финляндия құрамасы тұр және ұпай көрсеткіші жағынан біздің командамен бірдей. Ал үшінші орынға Дания футболшылары орналасты. Ұлтық құрамаға есе жіберген алаң иелері болса, «Н» тобының 5-ші сатысына төмендеді.
Қазақстандық жігіттердің келесі ойыны 7 қыркүйекте өтеді. Астана қаласында Финляндия құрамасын қабылдаймыз.