«Астана» велошабандозы жарыстан шығып қалды
![«Астана» велошабандозы жарыстан шығып қалды](/media/k2/items/cache/cf145546f804f0fc8d3ee2af4094166f_XL.jpg)
"Astana Qazaqstan Team" вело-командасының спортшысы Марк Кавендиш Тур де Франс Гранд-Турының 8-ші кезеңде жарыстан шығып қалды.
Қазақстандық команданың капитаны, мәре сызығына 63 шақырым қалғанда құлады. Британиялық сп-ринтер, оң иығынан жарақаттанды. Кейін вело-шабандоз ауруханаға жеткізілді. Марк Кавендиш "Тур де Франстың" жетінші кезеңінде екінші орын алған еді. Ал "Астаналық" вело-спортшы үшін, сәтсіз аяқталған сегізінші кезеңде, Даниялық Мадс Педерсен жеңімпаз атанды.