«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды
![«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды](/media/k2/items/cache/682b42f1c68f153475b99ad90a533c90_XL.jpg)
«Ақтөбе» футбол клубы УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеше кеште болған ойында қазақстандық команда Кутаисилік «Торпедодан» 1:2 есебімен жеңілді. Жалғыз голды Максим Самородов салды. Ал грузиялық команданың гол авторлары: Георгий Арабидзе мен Ираклий Бугридзе. Дегенмен қос кездесудің нәтижесіне сәйкес «Ақтөбе» келесі айналымға өтті. Жалпы есеп: 5:3. «Ақтөбенің» кезекті қарсыласы – румыниялық «Сепси» командасы. Алғашқы кездесу тамыздың 10-ы күні сырт алаңда өтеді.