Еуропа Лигасы: «Астана» - «Лудогорец» кездесуі. LIVE

Санаулы минуттардан кейін Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» «Лудогорец» командасын қабылдайды.

Егер осы кезеңде Бабаян шәкірттері Болгария клубынан басым түссе, плей-оффта атақты «Аякс» командасымен сынға түседі. Ал «Лудогорецтің» жолы болса, «Астана» Конференция лигасында жарысты жалғастырады. Дәл қазір «Астана Арена» стадионынан спорт шолушымыз Жандос Айтбайұлы тікелей байланысқа шықты.