«Тобыл» «Дерри Ситиді» жеңді
Араға аптаға жуық үзіліс салып УЕФА Конференциялар лигасы қайта жанданады.
Үшінші іріктеу кезеңі аясында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында солтүстік ирландиялық «Дерри Ситиді» қабылдады. Матч ә дегеннен тарысты басталды. Бірақ, бірінші кезеңде есеп ашылмады. Матчтағы жалғыз голды 65-ші минутта Роман Асранқұлов соқты.
Алаң иелерінде есепті есейтін бірнеше ұрымтал тұс болды. Дәл солай қонақтар да таразы басын теңестіре алатын еді. Бірақ, қос тарап та берілген мүмкіндіктерін мүлт жіберді.
Қорытынды есеп: 1:0. Енді «Тобыл» мен «Дерри Сити» 18-ші тамызда Ирландияда жолығады. Жеңіске жеткен тарап плей-офф кезеңіне өтеді. Ал кезекті қарсыласы паралель анықталып жатыр. Яғни, чехиялық "Виктория Пльзень" мен мальталық "Гзира Юнайтед" мачтындағы жеңімпазбен кездеседі. Плей-офф кезеңі 24-ші және 31-ші тамызда өтеді деп жоспарланып отыр.