«Тобыл» мен «Виктория Пльзень» арасындағы матч жалғасып жатыр

Дәл қазір Қостанайда «Тобыл» мен чехиялық «Виктория Пльзень» арасындағы матч жалғасып жатыр.

Есеп әзірге ашылған жоқ. УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі ойынның аяқталуына шамалы уақыт қалды. «Тобылдықтар» бірнеше мәрте гол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберді. «Тобыл» бұған дейін Финляндияның «Хонкасын», Швейцарияның «Базелін» және Ирландияның «Дерри ситиін» жеңді. Ал Елордадағы «Астана» мен албаниялық «Партизани» матчында есеп 41-ші минутта ашылды. «Астана» сапындағы Лончар мергендігімен танылды.