Каноэде ескек есуші Бибарыс Сыпатай Паралимпиадаға жолдама ұтып алды
Қазақстандық спортшы Бибарыс Сыпатай әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, Францияда өтетін паралимпиадаға жолдама алды.
Лицензиялық жарыс кеше Германияның Дуйсбург қаласында өтті. Каноэмен 200 метр қашықтықты отандасымыз 42 секундта еңсерген. Осылайша мәре сызығын бесінші боп кесіп, Паралимпиада лицензиясын қанжығасына байлады. Жалпы алдын-ала өткізілетін үш сайыста 24 адам бақ сынасқан. Енді қазақстандық спортшы жаһандық төртжылдыққа дайындығын бастап кетті. Бірақ одан бұрын, биыл күздегі Азия біріншілігінде оза шапсам дейді. Бибарыстың сөзінше, Паралимпиаданың лицензиялық кезеңінде Еуропаның құбылмалы ауа райы спортшыларды абдыратты.
Бибарыс Сыпатай, паралимпиадашы:
– Мен ойлаймын негізі ол жерде көбісі морально сынып қалған сияқты. Себебі ол жерде бізде бәрі мықты спортсмендер болғаннан кейін 1 секундтан кейін келеді. Ол жерде милисекундтар ғана шешеді де кім мықты екенін ол жерде бізде. Сөйтіп қайтып, үш сағаттай күттік қайта жарыстың басталғанын. Жаңбыр жауып, қатты суық болыпғ ана жерде кто куда, жан-жаққа тығылып. Сөйтіп, барып жарысып өттім-ау, финалға өттім. И финалда уже 5-орынға жеттім ғой.