Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жүздіктің қатарына енді
![Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жүздіктің қатарына енді](/media/k2/items/cache/72ed5830ae244cb86c9a8a875ac2ec6b_XL.jpg)
Ұлттық құраманың халықаралық аренадағы жетістігі әлемдік рейтингке де әсер етті.
ФИФА-ның қыркүйектегі жаңа тізімінде Магомед Адиев командасы 4 саты жоғарлап, 100-ші орынға орналасты. Топ басында әлем чемпионы Аргентина тұр.
Осы айда Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде 2 ойын өткізді. Қазақстанның әлемдік рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші 2016 жылы тіркелді. Сол жылы ұлттық команда 86-шы орынға дейін жеткен еді.