Кезекті алтынды жеңіп алдық. LIVE
Қоржынымыздағы медаль саны 45-ке жетті. Оның бесеуі алтын.
Қытай төрінде Азия ойындары жалғасып жатыр және бүгін ұлттық құрама спортшылары кезекті жеңістерімен қуантты. Әсіресе, велоспорт шебері Алексей Луценко чемпион атанды.
Алексей Луценко, Азия ойындарының жеңімпазы:
- Жарыс ойдағыдай өтті. Осы бәсекеге маусым бойы дайындалдым. Өйткені, Азия ойындарының маңызы ерекше. Құрлықтық дода мен үшін әлі аяқталған жоқ. Алдағы күндері топтық жарысқа қатысам және жеңіс жолын жалғастыруға тырысам.