Астанада парахоккейден әлем біріншілігі өтіп жатыр
Ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған чемпионатқа Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония елдерінен командалар келді.
Шетелдік қонақтар спорт кешенінің ішіне орналасса, ұлттық құрамамыз далаға киіз үйлер тігіп сонда жайғасқан. Ойынға қажетті киім мен заттардың барлығы осы жерде. Алғашқы екі орынды иеленген құрамалар 2024 жылы өтетеін «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады. Бүгін кешке Қазақстан осы В тобында фаворит саналатын Словакиямен кездесу өткізеді. Жарыс 11 қазанға дейін жалғасады.
Болат Бошанов, пара хоккейден Қазақстан федерациясының президенті:
- Тайланда екінші орын алдық 2 жыл бұрын. Содан екінші орын алып содан лицензия алып өткізуге осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Финалға шығатын 6 командадан сол 2 команда шығады.
Қайрат Сабыров, шабуылшы:
- Бар күшімізді салып дайындалдық. Бірінші жоғарғы лигаға шығуға, ары қарай сол лигада ұстап тұрып сосын лицензия алу.