Пара Азиада. Ел қоржынында екі медаль бар
![Пара Азиада. Ел қоржынында екі медаль бар](/media/k2/items/cache/79f48bfea317a189017510dda4bda21f_XL.jpg?t=20231026_043249)
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.
Команда мүшелері:
Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49.
Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді ( 23:13.71), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (25:12.17).
Сонымен қатар, Раушан Қойшыбаева Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды.
73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық атлет Раушан Қойшыбаева 119 кг зілтемірді көтеріп күміс медаль жеңіп алды.