«Барселона» Чемпиондар лигасында «Шахтёр Донецк» клубынан жеңіліп қалды
![«Барселона» Чемпиондар лигасында «Шахтёр Донецк» клубынан жеңіліп қалды](/media/k2/items/cache/9a4dc66875d274bc2327d1a058ab4f3b_XL.jpg?t=20231108_033639)
«Барселона» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Каталондықтар сырт алаңда «Шахтерден» ұтылды. Матч Гамбургте өтті.
Украиналық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол матчтың 40-минутында соғылды, ол кезде Украина құрамасының шабуылшысы Даниил Сикан cоқты.
Осылайша 9 ұпаймен «Барселона» Н тобында 1-орында қалды. «Шахтер» 6 ұпай және 3-орынға ие болды.