Алматыға шетелден футбол жанкүйерлері келді
Алматыда кешелі бері футбол мерекесі болып жатыр.
«Қайрат» пен «Реалдың» ойынын көруге жиналған жанкүйерлер мачты тағатсыздана күтіп жүр. Фанаттар күні бойы тапжылмай "Реал" ойыншылары тоқтаған қонақ үйдің қасында болды. Олардың қатарында "корольдік" клубтың ТМД елдеріндегі ресми фан-клубының мүшелері де бар. Олар футболшылармен суретке түсіп, қолтаңба алуға тырысады. Алайда әзірге ешкімге мұндай бақыт бұйырмады. Испания командасының ойыншылары тек Орталық стадионға жаттығуға барарда автобус ішінен қол бұлғады.
Дмитрий, футбол жанкүйері /Ресей/:
- Барлығымызға билет жетті. Сіздердің елге, осындай матчқа келгеніме қуаныштымын. Шет елге алғаш шығуым. Мәскеуден 40-50 адам келдік. Испаниялық жанкүйерлерге мыңға жуық билет бөлінсе, ТМД елдеріндегі ресми фанклубтарға 100-ден аса билет тиді.
Еркебұлан Ысқақов, футбол жанкүйері:
- Павлодар облысының тумасы боламын. Осы бүгін Қайраттың стадионында өтетін ойынға келгем. Бүгін түнде келдік самолетпен Астана қаласынан. Біз өзіміздің отандық команда Қайратты қолдауға келдік.