Жанкүйерлер лайықты ойын күтеді. Блиц

Алматы тарихи матчты тағатсыздана күтуде.

«Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы кездесудің қарсаңында мыңдаған жанкүйер фанаттық атрибутика дайындап, командалардың рухын көтеруге тырысуда. Бұл ойын тек ел азаматтары арасында ғана емес, бүкіл әлем жанкүйерлері арасында да үлкен қызығушылық тудыруда. Барлық билеттер сатылып кеткеніне қарамастан, жанкүйерлер сәті түссе үлкен футболдың атмосферасын сезінуге, сүйікті ойыншыларын бір көріп қалуға үмітті. Жанкүйерлер, өздерінің ойын барысындағы қолдауы ойыншыларға қосымша күш беретініне сенімді.

БЛИЦ

- Билет алдым. Әрине ең бірінші еліміз Қазақстан болғасын Қайрат еліміздің командасы болғасын, Қайратқа жанкүйер боламын. Бірақ енді өзім бала кезімнен бері 14 жыл болып қалды, Реалға жанкүйермін. Енді фифти фифти ғой.

- Менде әлі билет жоқ. Бірақ билеттер сатылып жатыр, Кейбір адамдар ұсыныс беріп жатыр. Дегенмен, бағасы ресми бағадан екі есе үш есе жоғары болғандықтан ойланып жатырмын. Мүмкін стадионның алдында тұрып ақ сырттан еститін шығармыз. 

- Енді «Қайрат» жеңсе деп, тілеп жатырмыз. 

- Билет ала алмадық өкінішке орай. Өте қиын болды. Ала алмадық, енді бұйырса теледидардан қарайтын боламыз. 

-  Әрине бұл матчты күттік. Мен өзім Шымкент қаласынан келіп тұрмын. Мен Қайратқа жанкүйер боламын. Қайрат өте мықты жігіттер. Олардың жеңісі арқылы біз осындай алпауыт команданы күтіп жатырмыз. Келді. Бүгін өзім де стадионға барамын, көремін және Қайратқа өзіміздің балдарға қолдау көрсетемін.