«Қайраттың» формасына сұраныс артты

«Қайрат» командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққалы клубтың дүкенінде сауда қыза түсті.

Әсіресе қос команданың аты жазылған мойын орағыштарға сұраныс жоғары. Фаншопқа Мадридтен келген жанкүйерлерде келіп, кәдесыйлар алып жүр.

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші: 

- Қайрат футбол клубының  матч алдында кісі қарасы қалың. Жанкүйерлер мұнда арнайы келіп, жылы спорттық киімдер, жеңіл жейделер мен мынадай мойынорағыштарды сатып алып жатыр. Сондай-ақ дүкенде осындай зат салынған дорбалар, су құюға арналған құты және осындай кружка бар. Барлығында Қайраттың эмблемасы бар.

Алматылық Темірлан Жамбылбек «Қайрат» футбол клубының ресми дүкенінде 10 жылдан бері сатушы. Бұған дейін дәл осылай сауда қызу жүрмеген,-дейді. Осы матчқа арнайы шығарылған заттар лезде сатылып кетіп жатыр. Себебі еуропалық грандтар Алматыға күнде келе бермейді. Ол өзі де Қайраттың жанкүйері. Сондықтан, әрбір кәдесыйды алушыға ерекше көңіл күймен ұсынады.   

Темірлан Жамбылбек, сатушы:

- Бірінші рет осындай болып тұрғаны. Ең көп алатын заттар ол мойынорағыштар, осы ойынға арнайы шығардлған Қайрат – Реал Мадрид мойынорағыштары олар ең көп сұранысқа ие болды. Сондықтан сол бірінші орында. 1930 Басқа да заттар бар худилар, бейсболкалар, шапкалар, сол сияқты заттар көп өтіп жатыр. 

Фаншопқа келіп қажетті заттарын алып жатқандардың қатарында Мадридтен келген жанкүйерлерде бар. Ал испаниялық Сабино Корсари мен Пауло Ранколиоридің тіптен жолы болған. Олар Алматыға іссапармен келген. Қай командаға жақтас екендігі айтпаса да түсінікті. Бірақ олар бұл жолы Қайратты қолдағысы келеді. 

Сабино Корсари, жанкүйер /Испания/:

- Сенсеңіз де сенбесеңіз де айтайын. Әрине мен үшін Реал бірінші болып қала береді. Бірақ осы матчта Қайрат пен Реал-Мадрид тең түссе екен. Сөйтіп Чемпиондар лигасындағы жолын жалғастырса екен. Мұндай мүмкіндік бола бермейді ғой.

Пауло Ранколиори, жанкүйер /Испания/: 

- Мен де досымның сөзін мақұлдаймын. Спортта шекара жоқ. Ел мен елді, дәл біз сияқты жанкүйерлерді достастырады, жақындастырады. Қайрат үшін қуаныштымыз. Реал әрине мықты команда. Десе де Қайрат  жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерін қуантады деп ойлаймын. Өзіме дүкеннен көптеген кәдесыйлар сатып алдым. 

Алматылық зейнеткер Өмірбек қария да дүкенге арнайы келген. Ол 4 немересін алып, ойынға барады. Өзі бала кезінен футбол десе ішкен асын жерге қояды. Бұл жолы Қайрат Чемпиондар лигасына өтіп, бүкіл елдің абыройын көтеріп қуаныш сыйлады. Сондықтан оны қолдау үшін фаншопқа келдім, дейді.  

- Ол күні күн салқын болатындықтан сыртқы бір атрибут болуы керек болғандықтан шарф алдым 4 немереме. Бір жағы таза Қайрат бір жағы таза Мадридтікі. Былай Реалдың жанкүйерімін. Қайрат  ойнап тұрған соң еліміз үшін жанкүйер боламыз Қайрат үшін жанкүйер боламыз.

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі. Миллиондаған адам осы ойынды сүйіп тамашалайды. Алматыдағы матчқа билеттің санаулы сағатта сатылып кеткені де соның дәлелі. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Эдуард Кон