Астанада «Чемпиондық рух» атты баскетбол жарысы өз мәресіне жетті

«Чемпиондық рух». Елордада осындай атаумен өткен баскетбол жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды 24kz.

Екі күнге созылған сайысқа ұзын-ырғасы 60-қа жуық команда қатысып, тартысқа толы ойын көрсетті. Бәсекелі шараны «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар спорттың бұл түрі Алматы қаласы мен Атырау облысында жақсы дамығанын айтады. Кейінгі жылдары бас шаһар жастарының да баскетболға қызығушылығы арта бастаған.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңге.

Арсланбек Мағзұм, Астана қаласы мәслихатының депутаты:

- Біздің басты мақсатымыз – Президентіміз жүктеген нашақорлыққа қарсы күрес, жастарды спорт түрлеріне баулу. Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, осындай үлкен алаңдарда мүмкіндік беру қажет. 

Жанат Шүкеев, демеуші:

- Біз Астана қаласы «Жастар рухы» филиалы мен өте тығыз байланыстамыз. Осыған дейін де біраз іс-шаралар өткіздік. Сол себепті біз әрқашанда белсенді байланыстамыз.