Елордада инклюзивті футболдан турнир өтті

Елордада шағын футболдан республикалық турнир өтті. Бұл жолы ала доп алаңында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер өзара мықтыны анықтады.

Бас-аяғы әр аймақтан келген 10 команда бақ сынады. Айтайық, мұндай дүбірлі дода ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. «Мақсатымыз - ерекше балаларды спорт арқылы сауықтыру»,- дейді ұйымдастырушылар.

Самал Әлбілекова, ұйымдастырушы:

- Бұл шараның мақсаты аутизмы бар, даун синдромы, менталды бұзылыстары бар балаларға арнап спорттан алғаш рет топтық ойынды өткізіп жатырмыз. Біз келешекте халықаралық деңгейдегі мини футболдан жарыстар өтеді екен, соған барлық қалалардан құрама құрап, жарысқа шыққымыз келеді.