Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан велоспорттан алтын алды

Қоржымызға алғашқы алтын түсті.

Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері ең үздік нәтиже тіркеп, алтын медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, қазақстандық қыз-жігіттер аралас командалық эстафетада топ жарды. Ел намысын Ринат Ерік, Данил Третьяков, Кирилл Полышев, Анель Ташбай, Валерия Кузнецова және Ирина Ивановская алтылығы қорғаған болатын. Вадим Горбачевский бастаған спортшылар алдағы күндері велоспорттың басқа бағыттары бойынша да жарыстарға қатысады. Сәйкесінше, медальдар саны арта түсуі мүмкін. Бахрейндегі Азия ойындары 31 қазанға дейін жалғасады.