Семейде дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды.

Ерлер мен әйелдер арасында өтетін жарыс үш күнге созылады. Осы біріншіліктен соң, ұлттық құрама жасақталады. Қазақстан чемпионатына еліміздің үш қаласы мен 17 облысынан 507 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтамақ.  Жарыстың ашылу салтанатына өңір басшылығы, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл өңірдің спорттағы жетістіктерінің жарқын көрінісі. Өйткені еліміз егемендік алғаннан кейін Семейде ел чемпионаты алғаш рет өтіп отыр. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.

Елдос Сметов, олимпиада чемпионы: 

- Абай облысында чемпиондар көп болсын. Абай облысын спортшылары өте көп. Бұл жерде Еркебұлан Қосев өзімізбен бірге күрескен. Олимпиада ойындарына қатысқан. Одан да үлкен ағаларымыз өзінің ізін қалдырған.