Олимпиада алауын тұтату рәсімі мұражайда өтеді
Қысқы Олимпиада ойындарының алауын тұтату рәсімі күн райының нашарлауына байланысты Ежелгі Олимпиада мұражайында өтеді. Бұл туралы Грекия Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Комитеттің мәліметіне қарағанда мұражайдың сыйымдылығы шектеулі болғандықтан, іс-шара жалпақ жұртқа көрсетілмейді. Алау тұтанған соң Грекия бойынша тоғыз күндік саяхатқа аттанып, кейін Италияға жіберіледі. 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6 және 22 ақпан аралығында өтеді.