Бейбарыс Қабылан таеквондодан әлем чемпионы атанды

Бұл Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.

Бейбарыс Қаблан, финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді. 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін 4 кездесу өткізіп, Үндістан, Түркия, Иран елі өкілдерінен басым түсті. Аталмыш дода 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.