Ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлініп жатыр
Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін қайта жаттығып жатыр. Қазір дзюдодан ұлттық құрама спортшыларымен бірге Астанада.
Былтыр ол Париж олимпидасының чемпионы атанғаннан кейін аздаған үзіліс алып, демалыс жариялаған еді. Сол аралықта шетелде оқып келді. Жарақаттарын емдеп, иығына ота жасатқан. Сол себепті халықаралық жарыстарға қатыса алмаған еді. Еске сала кетейік, ол қазақтан шыққан тұңғыш 3 дүркін олимпиада жүлдегері. Риода күміс алса, Токиода қола, Париж Олимпиадасында алтыннан алқа таққан.
Елдос Сметов, Париж Олимпиадасының чемпионы:
- Мен үшін оқу-жаттығу енді басталып жатыр. Бірінші жаттығуға келуім. Енжі жаттығуға кірісуім. Қазір әлеуметтік желілерде неше түрлі алыпқашпа сөздерді бұрып-бұрып шығарып жатыр ғо. Былай алып қарасақ соны жазып жатқан қазақтар. Өз аудиториясы үшін неше түрлі жағымсыз сөздерді жазады. “Спортпен қош айтысты”, кешегі “Англияға көшіп кетті” деген сияқты нәрселер бар.
Ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлініп жатыр
Биыл ұлттық спорт түрлері жаңа мәртебеге ие болды. Олар ресми түрле олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен теңестіріліп, басым бағыттар қатарына енгізілді. Бұл көкпардан бастап тоғызқұмалаққа дейінгі дәстүрлі ойын түрлерінің дамуынан тың серпін беретін маңызды шешім. Жаңа мәртебе ұлттық спортты қаржыландыруға, кәсіби маман даярлау жүйесіне және инфрақұрылымды дамытуға тікелей әсер етеді. Мәселен, соңғы жылдары көкпарға деген қызығушылық айтарлықтай артқан. Тіпті 2023 жылы бұл ойын жеке лига болып құрылды. Сәйкесінше көптеген турнир ұйымдастырылып, танымалдылығы артқан.
Әлішер Ислам, Қазақстан көкпар федерациясының вице-президенті:
-Лига бастапқыда жергілікті жастар мен әуесқойлар арасында құрылды. Алғашында бұл демалыста ғана ұйымдастырылатын әуесқой лига еді. Уақыт өте танымалдылығы айтарлықтай өсті. Әрине, көкпар еліміздің оңтүістік өңірлерінде жақсы дамыған. Жуырда федерация Меркі ауданында турнир өткізді. Қазірдің өзінде онда 10 шақты кәсіби командалар бар.
Шымкент боксшылары федерация кубогін иеленді
Шымкент Қазақстан бокс федерациясы кубогінің иегері атанды. Олар ақтық сында астаналық былғары қолғап шеберлерімен кездесіп, 9:6 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттіктер жартылай финалда Қарағанды құрамасын да дәл солай 9:6 есебімен тізе бүктірген еді. Ал Астана Маңғыстау облысынан келген боксшыларды 8:7 есебімен қапы қалдырды. Сәйкесінше үшінші орын үшін болған жекпе-жектерде қарағандылықтар Маңғыстау құрамасын 8:7 есебімен ұтып, федерация кубогінің қола жүлдегері атанды.