Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Australian Open турниріндегі алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Еліміздің 1, әлемнің 5-ракеткасы саналатын.

Елена Рыбакина словениялық спортшымен кездеседі. Юлия Путинцева бразилиялық теннисшімен ойнаса, Зарина Дияс испандық, Александр Бублик АҚШ, Александр Шевченко іріктеуден өткен спортшылардың бірімен бақ сынайды. Жарыстың негізгі кезеңі 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.  

Стенд атушылар 2 алтын иеленді

Қазақстандық стенд атушылар азия чемпионатында 2 алтын жеңіп алды. Әйелдер арасындағы скит сайысында Адель Садақбаева топ жарса, Ольга Хайлова қолаға қол созды.

Сондай-ақ бұрымдыларымыз командалық сында биік тұғырдан көрініп, алтыннан алқа тақты. Ал ерлерден жекелей сында Эдуард Ещенко екінші орын алды. Одан бөлек осы скиттен ерлеріміз командалық жарыста үздік үштіктен көрінді. Әзірге спортшыларымыздың қоржынында 5 медаль бар. Оның екеуі алтын болса, біреуі күміс қалғаны қола. Дохада өтіп жатқан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

«Жетісу» ел суперкубогін 5-рет ұтты

Волейболдан “Жетісу” командасы Қазақстан суперкубогын 5-рет жеңіп алды. Олар ақтық сында Түркістанның “Тұран” клубымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қорытынды есеп 3:0. Осылайша талдықорғандықтар ел суперкубогын 5-рет иеленіп отыр. Айта кетейік, “Жетісу” командасы ішкі біріншілік пен Қазақстан кубогінің 9 дүркін чемпионы. Азия чемпиондар лигасында да топ жарған.

ЦИТАТА

Перизат Нұрбергенова, “Жетісу” клубының ойыншысы

Біз осы жетістікпен тоқтап қалмайтынымыз анық. Алдымызда маңызды ойындар күтіп тұр. Ел чемпионатындағы тартыс дәл қазір шиеленісе түсті. Чемпион болу бір еңбекті талап етсе, оны сақтап қалу мың еңбекті қажет етеді. Сондықтан біз енді чемпионаттағы ойындарға дайындаламыз.