Олимпиада алауы Антерсельваға жеткізілді

Қысқы Олимпиада алауы таңертең Доббьяко қаласынан шығып, Антерсельваға жеткізілді. Мұнда олимпиадалық биатлон орталығы орналасқан. 

Алау кешке Больцанода болуы керек. Эстафета кезінде түрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер мен фестивальдер ұйымдастырылуда. Жалпы алауды алып жүгіру рәсіміне әлемнің 90-нан астам елінің өкілі қатысып жатыр. Мәселен, Антерсельвада алауды биатлон бойынша әлем чемпионы Доминик Виндиш алып жүрді. Салтанатты шеру 6 желтоқсанда Италия астанасы Римде басталған. Алау 63 күнде 12 мың шақырымды еңсеріп, жүздеген қаланы аралап шығуы тиіс. Жалпы Ақ Олимпиаданың алауы 6 ақпанда Миландағы «Сан-Сиро» стадионында жағылады.