Дакарда жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр

Дәл осы күндері Сенегал астанасы Дакар қаласында жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр. 

Африка құрлығында алғаш рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға әлемнің 204 елінен 6700-ге жуық үміткер қатысуда. 17 жасқа дейінгі өрендер 25 спорт түрі бойынша 153 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақ елінің ұл-қыздары 11 спорт түрінен сынға түседі. Байрақты бәсекенің ашылу рәсімінде дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен жағажай волейболшысы Әлихан Ағабек еліміздің көк туын көтеріп шыққан. Сұпығалиева мамандар сенімін ақтап, бүгін 52 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Дзюдошы қызымыз жартылай финалда словакиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.  Ал суға жүзуде Анатолий Руденко 100 метрге еркін әдіспен жарысқандар арасынан финалға өте алған жоқ. Дегенмен, Руденкоға қолайлысы брасс әдісі секілді. 200 метрлік сайыста жерлесіміз 2.20 48 секунд нәтижесімен финалдық кезеңге жолдама алды. 

Шын мықтыға тұсау жоқ 

Ала доптың һас шебері Месси мұхиттың арғы бетінде әлі күнге дейін жасындай жарқылдап жүр. МЛС лигасының 34-турында Интер Майами Нью-Инглэнд алаңына қонаққа барды. Джилэт Стэдиумда ине шаншар орын болған жоқ. 55 мың жанкүйердің басым көпшілігі Месси үшін келді десек қателесе қоймаймыз. Аргентина жұлдызы оны өзі де біледі. Сондықтан да жасыл алаңда жанын салып ойнайды. Мүмкіндік болса Месси мүлт жіберуші ма еді?  Екінші таймның 70-минутында дейін Майами 0:1 есебімен ұтылып жатқан. Алдымен Бертераменің гол соғуына жағдай туғызған Лео Месси артынша өзі де мергендік танытып командасына жеңіс әкелді.  Қорытынды есеп 1:2. Енді екі турдан кейін МЛС лигасының плей-офф кезеңі басталады. Месси командасы бар мәселені шешіп қойды.

Андреас алдына жан салмады

Жексенбі күні дәстүрлі Нью Йорк марафоны өтті. Бұл тарихы тереңде жатқан әлемдегі айтулы марафондардың бірі. Сонау 1970 жылдан бастап ұйымдастырылатын желаяқтар жарысына биыл да 50 мыңнан аса үміткер тіркеліпті. 42 шақырымға созылған марафонда кениялық Шейла Чепкируи мәре сызығын бірінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші 2 сағат 6 минут 36 секунд.  Осылайша Кения қызы Нью Йорк марафонының екі дүркін жеңімпазы атанды. 2024 жылы жеке дара келген Шейла өткен жылы өз отандасы Хеллен Обириге жол беріп қойған. Обири биыл да олжалы болды. Рас, мәреге таяған тұтса Америкалық Джесс Макклейнді алдына жіберіп қоланы қанағат тұтты. Ерлер арасында да африкалық спортшылар басты фаворит болған. Тіпті бір жарым сағат бойы топ бастаған лесотолық Мофолоны енді ешкім қуып жете алмайды деген пікірлер болды. Алайда швециялық Андреас Альмгрен мәреге 10 шақырым қалғанда жылдамдығын арттырып, мәре сызығын жеке дароа кесіп өтті. Күміс Италия намысын қорғаған Криппаға бұйырса, Мофоло қоланы қанағат тұтты.

Сондай-ақ оқыңыз: