Дубайда Swat Challenge жарысы басталды
Бүгін Дубайда халықаралық Swat Challenge жарысы басталды. Оған әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда қатысып жатыр.
Арнайы жасақтар арасындағы элиталық турнирде Қазақстанның намысын бес бірдей команда қорғайды.
Мерей Қанапия, тілші:
- Бүгін көпшілік асыға күткен Swat Challenge жарысы басталды. Арнайы жасақтар арасындағы халықаралық жарыста ел атынан бес команда өнер көрсетеді. Негізгі ерекшелігі әр күштік құрылымның үздіктері бірігіп, Қазақстан атынан сынға түседі. Яғни бұрынғыдай жеке-жеке күштік құрылымға бөлінбейді. Осы орайда мамандар қазақстандық командаларды турнир фавориттерінің қатарына қосып отыр. Оған басты себеп 2024 жылы Мемлекеттік Күзет Қызметінің «Сардар» жасағы үздік үштіктен көрінсе, былтыр Ішкі Істер министрлігінің «Сұңқар» командасы екінші орын алған еді.
Ислам Зейнуллин, жауынгер:
- Жаңа ғана жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстанның «А» командасы жарыс жолына 29-шы болып шықса, «В» командасы 74-ші, «С» 9-шы, «Д» 37-ші болып өнер көрсетеді. Ал әйелдерден «Томирис» командасы 72 болып сынға түседі.
Балнұр Қиялбекова, «Томирис» командасының мүшесі:
- Swat Challenge жарысы биыл 7-ші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Әскери қызметкерлер арасында олимпиадаға айналған сайыс бүгіннен бастап 11ақпанға дейін жалғасады.