Қысқы Олимпиада ойындары: бүгін бес спортшымыз жарыс жолына шығады
Италияда ресми түрде Олимпиада ойындары басталды.
ның бағдарламасына сәйкес, бүгін шаңғылар мен конькишілер бәсекеге түседі. Атап айтқанда шаңғының скиатлон бағытында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Рожко бақ сынайды. Ал 3 мың метрге конькимен жүгіруде Надежда Морозова мен Елизабета Голубева жарысқа араласады. Ел үміт күтіп отырған негізгі спортшыларымыз, яғни шорт-трек, фристайл және мәнерлеп сырғанау шеберлері 10 ақпан күні бақ сынайды.