Ақ Олимпиада үшінші күннің нәтижесі
Норвегия жалпы есепте көш бастады. Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV Қысқы Олимпиада ойындары екінші жарыс күнін қорытындылады. Бұл күні он медаль жиынтығы сарапқа салынып, 15 елдің спортшысы жүлделі болды. Норвегиялықтар бір күнде үш алтын және бір қола медаль қанжығалап, жалпы есепте алты жүлдемен алға шықты. Тау шаңғысы және командалық мәнерлеп сырғанау бәсекесінде сәтті өнер көрсеткен америкалықтар екі алтын медальмен екінші орынға жайғасты. Италия құрамасы қоржынына алты медаль түсті. Осылайша олар медаль кестесінде үшінші орынан көрінді. Қазірге Жапония, Австрия, Германия, Чехия, Франция, Швеция және Швейцария құрамаларында бір алтын жүлдеден бар. Ал Оңтүстік Корея және Солвения құрамалары бір күміс, Болгария, Канада және Қытай құрамаларында бір қола жүлде бар.