Олимпиада: қазақстандық жеті спортшы сайысқа шығады

Могулшы қыздарымыз жүлдесіз қалды

Могулшы қыздарымыз жүлдесіз қалды. Жарыстың 5-күні жерлестеріміз Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсетті. Ел құрамасы сапында Анастасия Городко 72.15 ұпай, Юлия Галышева 72.34, ал Аяулым Әмренова 68.47 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, алғашқы финалдық кезеңінде ТОП-8 спортшы ақтық сында Олимпиада жүлдесін сарапқа салады. Осылайша қазақстандық үш спортшыда жекелей сында жарыс жолын аяқтады.

Биатлоншылар сәтті нәтиже тіркей алмады

Биатлоншылар сәтті нәтиже тіркей алмады. 15 шақырымды құрайтын жеке сайыста Айша Рақышева 86-орын алса, Милана Генева 89-орынмен тәмамдады. Жарыстың басты сенсациясы Болгария өкілі Лора Христованың қола жүлде алуы болды. Ал Франция елінің қос өкілі бұл сында көш бастады. Енді биатлоншыларымыз 13 ақпан күні қайта жарыс жолына шығады. Айта кетейік, Айша Рақышева мен Милана Генева өз мансаптарында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр.

7 жерлесіміз жарыс жолына шығады

7 жерлесіміз жарыс жолына шығады. Бүгін төрткүл дүние көз тіккен, төрт жылда бір өтетін ақ Олимпиада ойындарының 6-күні. Ел құрамынан алғаш болып Александра Скороходова өнер көрсетеді. Ол тау шаңғысының  супергигант түрінен жүлдеген таласып көреді. Артынша финалға өткен могулшы Павел Колмаков жарыс жолына шығады. Шаңғы жарысының жекелей сынында  Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко бақ сынап көреді. Ал бүгінгі күнді Надежда Морозова түйіндейді. Конькиші аруымыз 5 мың метрге жүгіреді. 

Е. Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді

Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын ұтты. Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Дохадағы турнирде ширек финалға жолдаманы қытайлық Чжэн Циньвэньмен сарапқа салды. Жарақатынан жазылып, кортқа оралған қытайлық теннисші кезінде рейтингіде 4-орынға дейін көтеріліп, сондай-ақ Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның алғашқы екеуінде Рыбакина жеңіске жетті. Алайда 2024 жылы WTA қорытынды турнирінде Циньвэнь қарымта қайырған. Аустралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанған Е.Рыбакина бүгінге дейін қатарынан сегіз ойында жеңіске жеткен болатын. Жерлесіміз бұл жолы да өзінің мықтылығын дәлелдеді. Қорытынды есеп 2 де 1. Енді Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, канадалық Виктория Мбокомен таласады.