Михаил Шайдоровтың спорттағы жетістіктері қандай?
Михаил Шайдоров 2004 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Станислав Шайдоров та мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионы.
Михаилдың алғашқы бапкері – әкесі. Ол спорттық мансабын аяқтағаннан кейін алты жасар баласын баулып, жаттықтыра бастаған. Жас өреннің спорттық жолы аймақтық және республикалық чемпионаттарға қатысудан басталды. Оның жұлдызды сәті 2018 жылы бастау алды деуге болады. Сәуір айында Италияда өткен Egna Spring Trophy турнирінде төртінші орын алды, ал қарашада Стамбулда өткен Bosphorus Cup жарысында күміс жүлдегер атанды. Қысқа және еркін бағдарламалар қорытындысы бойынша 153-тен астам ұпай жинады. Сол жылдың желтоқсанында Сочиде ұйымдастырылған Краснодар өлкесі Кубогының финалында сәтті өнер көрсетіп, екінші орын иеленді.
Ал 2019 жылдың соңында Михаил Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарды. 2021 жылы ол Sofia Trophy турнирінің қола жүлдегері атанды. Келесі жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Былтыр Михаил Денис Тен мемориалы турнирінің жеңімпазы атанды. Сол жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер болды. Ал 2026 жылы Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанып, Қазақстан спорты тарихына өз есімін алтын әріппен жазды.
2018 — Жасөспірімдер арасындағы Рустер кубогының күміс жүлдегері
2018 — Жасөспірімдер арасындағы Босфор кубогының күміс жүлдегері
2019 — Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының жеңімпазы
2020 — Қазақстан чемпионатының жеңімпазы
2021 — Польшада өткен жасөспірімдер Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері
2021 — Sofia Trophy турнирінің қола жүлдегері
2022 — Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
2025 — Денис Тен мемориалының жеңімпазы
2025 — Төрт құрлық чемпионаты Challenge Cup турнирінің жеңімпазы
2025 — Азия ойындарының қола жүлдегері
2025 — Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
2026 — Миланда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы