Олимпиада: Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден 8-орын алды
Ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден ақтық сында Илья Мизерных және Данил Васильев ел намысын қорғады.
Нәтижесінде, Мизерных 281.6 ұпаймен 8-орыннан көрінсе, Васильев 235.9 ұпай жинап, 27-орынға жайғасты. Осы сында словениялық Домен Превц чемпион атанды. Ал жапондық Рен Никайдо және польшалық Кацпер Томасяк үздік үштікті түйіндеді. Мизерных осыған дейінгі қалыпты тұғырдан секіруде 37-орын алған болатын, ал Васильев 34-орынды місе тұтқан еді.