Кәсіби сумошы Ерсін Балтағұл Астанаға келді
Қазақтан шыққан тұңғыш сумо шебері Ерсін Балтағұл Астанаға келді.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби балуандармен және жас спортшылармен кездесті. Шағын шеберлік сабағын өткізіп, балалардың аяқ алысына оң бағасын берді. Ерсін Балтағұл күншығыс елінде сумодан жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірегей палуан. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, бүгінде халықаралық деңгейде табысқа жетіп жүр.
Ерсін Балтағұл, кәсіби сумошы:
- Жапондар айтады, татами мен залды сезе алу қасиеті бар деген сөз. Негізі былай сумо күресінде де анда-санда жамбасқа лақтыру әдісі қолданылады. Қазақстан, Алматы деп шыққаннан кейін көк туымызды сонау 146 млн халқы бар Жапонияға шығарып отырғаннан кейін бізге бұл – үлкен жауапкершілік. Соған байланысты барынша күресуге тырысамыз.