Шорт-трек шеберлері ширек финалға шықты
Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шорт-тректен Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.
Қазақстандық спортшылар 500 метрлік сайыста іріктеуден іркілмей өтті. Абзал өз тобында бірінші болып мәреге жетсе, Денис үшінші нәтиже көрсетті. Енді Миландағы шешуші жарыс 18 ақпанда өтеді.
Аслан Қаженов, тілші