XIV Паралимпиада ойындары басталды
Италияда он төртінші қысқы Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биыл дүбірлі додаға 56 елден 600-ден аса спортшы қатысып, спорттың алты түрінен 79 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан атынан жеті спортшы бақ сынайды. Олар Ақ ойында пара биатлон және паралимпиадалық шаңғы жарысында бәскеге түседі. Айта кетейік, ойындар 10 күнге жалғасады. Ал 15 наурыз күні Кортина д'Ампеццо қаласында шараның салтанатты жабылу рәсімі өтеді.