Көркем гимнастика: Франциядағы Гран-приде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өтетін Гран-при сериясының үшінші кезеңіне қатысады.
Жекелей жаттығулар бағдарламасында еліміздің атынан Ақмарал Ерекешева өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Қазақстан топтық жаттығуларда да бақ сынайды. Құрамға Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская енгізілді.
Франциядағы Гран-при кезеңі 4-5 сәуір аралығында өтеді.
Olympic.kz