Боксшы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Olympic.kz

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Olympic.kz