Чемпиондар лигасы: «Семей» «Атлетикті» жеңді
Қазақстан мектептерінде бокс пен дзюдо пәндері пайда болуы мүмкін. Қазақстан Халық Кеңесінде осындай бастама көтерілді. Жиында балалар спортын дамыту мәселелері талқыланды. Кейін осы ұсыныстар құзырлы министрліктердің қарауына жіберіледі, деп хабарлайды 24KZ.
Чемпиондар лигасы: «Семей» «Атлетикті» жеңді
«Семей» чемпиондар лигасының плей-оффында жеңіске жетті. Жеңісті жұлып алды десек те болады. Қазақстандық клуб бұл жолы сырт алаңда украиналық «Атлетикпен» кездесті. Матч Молдованың Чореску қаласында болды. Ойын барысында 5 гол соғылды. «Семей» сапынан испаниялық Фернан мен бразилиялық Педриньо мергендігімен көзге түсті. Педриньо дубльдің авторы атанды. Украиналық қарымта екі доп соқты. Қорытынды есеп: 3:2. Енді қос команда 5-ші желтоқсанда Семейде кездесіп, қарымта мачт өткізеді. Қос ойын қорытндысы бойынша жеңіске жеткен тарап футзал бойынша чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алады.
Бокстан әлем кубогіне дайындық
Фарух Тоқтасынов, Аман Қонысбеков, Өнер Сейілхандар ел намысын қорғайды. Бірер күннен кейін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жылдың шешуші жарысы деуге болады. Әлем кубогі өтеді. Оған 31 елден 142 боксшы қатысады. Араларында ұлттық құрама өкілдері де бар. Қазақстан бокс федерациясы тізімді жариялады. Оның ішінде 11 боксшы бар. Атап айтқанда, ерлер арасында 50 келіде Даниял Сәбит, 70 келіде Фарух Тоқтасынов, 75 келіде Аман Қонысбеков, 80 келіде Өнер Сейілхан, 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы және 90 келіде Дәулет Төлемісов бақ сынайды. Әйелдер арасында 57 келіде Карина Ибрагимова, 70 келіде Бақыт Сейдішке, 75 келіде Шұғыла Нәлібайға, 80 келіде Валерия Аксеноваға және аса ауыр салмақта Дина Исламбековаға мүмкіндік берілді. Әлемдік аламан 28-ші қараша басталып, 4-ші желтоқсан мәресіне жетеді.
Қазақстан рейтингте алдыңғы ондықта
Қазақстан алдыңғы ондықта. Әйелдер теннисі бойынша командалық әлемдік аламан Билли Джин Кинг Кубогының рейтингі жаңартылды. Оған сәйкес Қазақстан құрамасы 988,75 ұпай жинап, жетінші орынға тұрақтады. Алдыңғы бестікке Италия, Чехия, Украина, Ұлыбритания және Испания сияқты құрамалар кірді. Қазақстан құрамасы биылғы командалық әлем чемпионатында жирек финалғадейін жетіп, Испания құрамасына есе жіберген болатын. Билли Джин Кинг кубогының бас жүлдесі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында сарапқа салынды.