Биыл Қазақстанда күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

Бұл туралы Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович Астанаға жұмыс сапарымен келгенде айтты.

Себебі жаһан біріншілігі алдағы қыркүйек айында Бахрейнде ұйымдастырылу керек еді. Алайда геосаяси тұрақсыздыққа байланысты өтпей қалуы мүмкіндігі жоғары. Сол үшін елдегі бірқатар спорт нысандарын аралап, танысып шықты. Артынша қазақстандық жас балуандармен де кездесті.

Ненад Лалович, біріккен күрес әлемінің президенті:

- Қазақстанда бірінші рет емеспін. Бұл жолы федерация басшылығына қолдау көрсету үшін арнайы келдім. Елдеріңіздегі күрес түрлерінің даму деңгейі жоғары. Қатты таңғалдым. Айтпақшы жақында әлем чемпионатын басқа елде өткізу туралы нақты шешім қабылдаймыз. Біз спортшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Оларды әскери қақтығыс болып жатқан аймақтарға жібере алмаймыз.