Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.
Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.