Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Финалда әлемнің екінші ракеткасы чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.
Кездесу екі сетке созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирді мансабында екінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол 2024 жылы да жеңімпаз атанған.