Жәнібек Әлімханұлы: Карлостың күңкілі бітпеді
Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді.
Қазақстандық теннисші Испанияның Мадрид қаласында WTA 1000 санатындағы турнирге қатысып жатыр. Ол кезекті кезеңде қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, басым түсті. Осының арқасында Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты. Енді ол ширек финалға жолдама үшін ресейлік Анастасия Потаповамен жолығады.
Жалпы есепте үшінші орындамыз
YOUTUBE.COM
Қоржынымызда жеті медаль. Оның үшеуі алтын. Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан әлем кубогі аяқталды. Бірер сағат бұрын финалдық кездесулер өтті. Бұл кезеңге 4 бірдей жерлесіміз шыққан еді. Араларынан Виктория Графеева, Валерия Аксенова және Сұлтанбек Айбарұлы жеңіске жетіп, алтын жүлдегер атанды. Айта кетейік, 60 келідегі Виктория жарыстың басты фавроті әрі жергілікті команда өкілі Ребекка Сантоспен кездесті. Жерлесіміз ширақ қимылымен және ұтымды тактикасымен басым түсті. Осылайша, қоржымызға алғашқы алтынды салды. Сәйкесінше бұл жеңіс қалған қыз-жігітттерді жігерлендіргені анық. 85 келідегі Сұлтанбек Айбарұлы да тағы бір бразилиялық Кауе Белинимен жолығып, жеңісті жұлып алды. Ал аса ауыр салмақтағы Валерия Аксенова венгриялық София Зираны еш қиындықсыз жеңді. Өкінішке қарай, 65 келідегі үмітіміз Аида Әбікеева финалда есе жіберді. Ол өзбекстандық Навбахор Хамидовамен қолғап түйістірді.
Осылайша қоржынымызда 3 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде бар. Соның арқасында жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғастық. Топ басында жергілікті Бразилияның командасы тұр. Ал, екінші орынға Қытай құрамасы тұрақтады. Айта кету керек, бұл әлем кубогінің алғашқы кезеңі ғана. Енді алда Қытайда, Үндістанда және Өзбекстанда осындай форматтағы жарыстар өтеді және жыл соңында жалпы қорытындысы белгілі болады.
Жәнібек Әлімханұлы: Карлостың күңкілі бітпеді
Карлостың күңкілі бітпеді. Америкаға барсақ жекпе-жектен қашады. Ауылда жатсақ төбелесейік дейді. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адамеске жауап берді. Кейінгісі қазір WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белдік иегері және соңғы кезде допинг дауына қарамастан жерлесімізбен кездесуге дайын екенін мәлімдеп жүр. «Бұл айқас әлемдегі бокс жанкүйерлері үшін үлкен қызығушылық тудырады. Бұған қоса мен үшін жай ғана титулдық жекпе-жек емес, жеке принцип» - деді Адамес. Ал Жәнібек өз кезегінде Карлостың әрекеті күлкілі екенін жеткізді. «Бір түсініксіз боксшы. Күңкілі бітпейді әйтеуір» деп сөзін түйді Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бірер ай бұрын допинг дауына тап болып, кәсіпқой рингтен бір жылға шеттетілді. Дегенмен сарапшылар мен жанкүйерлер орта салмқатағы дәл осы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп отыр.
Футболдан ұлттық мектеп лигасы
АСТАНА
Еліміздің ең үздік оқушылары елордаға жиналып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Футболдан ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі басталды. Яғни алдымен еліміздің түкпір-түкпірінде, әсіресе шалғай жатқан елді мекендер мен алыс жатқан ауылдарда мектеп ішілік біріншіліктер болды. Одан кейін аудандық және облыстық іріктеулер ұйымадстырылды. Енді жеңіске жеткен командалар Астанада бас жүлдеге таласып жатыр. Айта кету керек, ұлттық мектеп лигасы үш жас деңгейі бойынша өтеді. Яғни 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында бөлек медальдар сарапқа салынады. Бұған қоса дәл осындай форматта ұлдар арасында бөлек және қыздар арасында бөлек жарыстар өтеді. Аталмш аладоп аламанының өтіп келе жатқанына 10-жылдан асты және жуырда УЕФА мамандары тарапынан жоғары баға алды.
Мұратбек Биманов, ҚФФ БАҚ және қоғаммен байланыс департаментінің директоры