«Мені ақша қызықтырмайды»: Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы Хамза Ширазбен жекпе-жек үшін берілетін қаражатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».
Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хамза Ширазбен болатын кездесуден тек титул керек екенін айтты.
Жәнібектің айтуынша, оны ақша да, британдықпен жұдырықтасу да қызықтырмайды. Әлімханұлы Шираздың титулдан бас тарту нұсқасын да қабылдауға дайын. Мұның бәрі оған аты аңызға айналған мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін қажет.
«Мені ақша қызықтырмайтынын бәрі біледі. Мен дайынмын! Сондай-ақ оның титулдан бас тартқаны туралы жаңалықты көруге де әзірмін. Маған тек осы титул керек. Одан кейін Канеломен титулдарды біріктіруім қажет. Осы ғана», - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз