Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте «Канелоны» басып озды

Фото: sports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics нұсқасы бойынша (P4P) рейтингінде мексикалық Сауль Альварестен жоғары орынға көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы рейтингтің 6-орнына жайғасса, «Канело» 8-сатыда қалды. Бұған дейін қазақстандық боксшы бесінші орында болған, алайда оны ресейлік Дмитрий Бивол басып озды.

Әзірге Жәнібек кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 17 жеңіс бар, оның 12-сі нокаутпен аяқталған. Соңғы жекпе-жегінде ол франциялық Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген болатын.